ШҰҒЫЛ: Астанада қарақшылық шабуылға күдіктілерді ұстау бойынша арнайы операция өткізілді

АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - Елордалық полиция қызметкерлері мен Қарағанды облысының полицейлері Астана аумағында бірқатар қарақшылық шабуылға күдіктілерді ұстау бойынша арнайы операция өткізді.
None
None

Астана қаласы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Есіл» ауданы ІІБ тергеу бөлімінің қызметкерлері, астаналық ішкі істер департаменті «Есіл» ауданы арнайы бағыттағы құрылымның сарбаздары Қарағанды ІІД Осакаров АІІБ-нің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру шарасының барысында Қарағанды облысының аумағында 4 адамнан тұратын қарақшылық шабуылға күдіктілер ұсталды.

Тінту кезінде олардың бірінен алтын зергерлік бұйымдар, ал екіншісінен есірткі заты табылды.

Қазіргі уақытта ұсталғандар Қарағанды облысы Осакаров АІІБ-не жөнелтілді. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар