ШҰҒЫЛ: Астанада мемлекетаралық іздеуде болған А. Әбілтаев ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жүргізу қызметкерлері мен елордалық ІІД-нің «Арлан» арнайы бөлімшесі қызметкерлерінің қатысуымен болған жедел-іздеу шаралар кешенін өткізу барысында аса ауыр қылмыс жасағаны үшін күдікті танылып, мемлекетаралық іздеуде болған 1980 жылғы Әбілтаев Арман ұсталды.

ШҰҒЫЛ: Астанада мемлекетаралық іздеуде болған А. Әбілтаев ұсталды

Астана қаласы полициясының ақпаратынша, қылмыстық қудалаудан ізін жасырған Әбілтаев А.Ш. сыртқы келбетін айтарлықтай өзгерткен.

Ұсталған азамат Астана қалалық ІІД-нің уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Сот алдындағы тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.