ШҰҒЫЛ: Атырау қаласындағы жарылыстарды ұйымдастырған «Халифат сарбаздары» лаңкестік ұйым деп танылды - Бас прокуратура

ТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Атырау қаласындағы жарылыстарды ұйымдастырған «Халифат сарбаздары» лаңкестік ұйым деп танылды.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.

«31 қазанда Атырау қаласында орын алған жарылыстарға тоқталатын болсақ, Атырау облысының прокуроры биылғы 15 қарашада қалалық сотқа «Джунд-аль-Халифат» Халықаралық ұйымын лаңкестік деп танып, Қазақстан аумағында оның қызметіне тыйым салу туралы тиісті ұйғарым енгізді», деді ресми өкіл. Атап айтқанда, Атырау қалалық соты биылғы 25 қарашада осы ұйымды лаңкестік деп тану туралы және еліміздің аумағында оның қызметіне тыйым салу жөнінде шешім шығарды. «Осыған байланысты «Халифат сарбаздары» ұйымына қатысы бар барлық адамдар лаңкестік қызметке қатысқаны үшін жауапкершілікке тартылатын болады», деп түйіндеді сөзін Н.Сүйіндіков.

Соңғы жаңалықтар