ШҰҒЫЛ: Атырау облысында террористік топ ұсталды

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, негізінен Құрманғазы ауданының тұрғындары қатарынан құралған аталған топ құқыққорғау органдарының қызметкерлеріне қарсы бірқатар террористік актілерді жасауды жоспарлаған.
Бұл факті бойынша ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша Департаментімен 2013 жылы 6 ақпан күні топ басшысы 1983 жылы туған Рамиз Кимге және топтың басқа да белсенді мүшелеріне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 233-2 бабының 2 бөлімімен қылмыстық іс қозғалды (террористік топты құру, басқару және оның қызметіне қатысу).
Қылмыстық істі тергеу кезінде топ мүшелерінің тұрғылықты мекен-жайларынан 2 аңшы мылтығы және қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардың компоненттері табылды.
Топтың белсенді мүшелеріне және топ басшысы Р.Кимге қатысты сотпен қамау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Тергеу-жедел іздестіру шаралары жалғасуда.
Облыс аумағында жағдай тұрақты және құқыққорғау органдарының бақылауында.