ШҰҒЫЛ: Атырау облысындағы атыс - бір адам қаза тапты, тағы біреуі жарақаттанды

АТЫРАУ. 3 шілде. ҚазАқпарат - Атырау облысының Мақат ауданында оқ тиген бір адам көз жұмып, тағы біреуі ауруханада жатыр.
None
None

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы мәлім еткендей, жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Мақат ауданының аудандық ауруханасына оқпен жараланған 1987 және 1988 жылғы екі жас жігіт жеткізілді. Дәрігерлердің араша түсуіне қарамастан, олардың біреуі ауруханада көз жұмды. Тағы біреуі ауыр халде жатыр.

«Бір адамның өліп, тағы біреуінің жарақаттануына соқтырған қарумен ату фактісі бойынша облыстық ІІД-мен жедел-тексеру тобы құрылды, оның құрамына криминалды полицияның қызметкерлері, Мақат АІІБ және тексеру басқармасы кірді. Дүйсендбі күні бұл қылмысты жасады деген күдікпен бұған дейін тонау фактісі үшін істі болған 1989 жылғы Мақат кентінің тұрғыны ұсталды»,-  деп хабарлады Гульназира  Мұхтарова.

ҚР ҚК-нің 91 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар