ШҰҒЫЛ: Атырау облысының әкімі өңірлік жобаларды жүзеге асыру саласындағы жемқорлық туралы мәлімдеді

АТЫРАУ. 4 қазан. ҚазАқпарат - Атырау облысында іске асырылып жатқан жобалар құны 2-2,5 есеге қымбатқа ұсынылған, деп атап өтті өңір басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетов.
None
None

Мұндай мәлімдемені Б. Ізмұхамбетов облыстық мәслихаттың сессиясында жасады.

 «Сіздер облыста атқарылып жатқан барлық жұмыстарды талқылауларыңыз қажет», - деді әкім депуттарға қарата айтып. - Смета бар ма, жоба мемлекеттік сараптамадан өтті ме, барлығы сапалы жасалды ма? Біз қазір облыстың бюджеті үшін миллиардтаған теңгелерді үнемдей отырып, мердігерлер жобаны орындау үшін ұсынған бағаларды қайта қарастырып жатырмыз. Бағалар 2-2,5 есеге қымбаттатылған. Сіздер, депутаттар қайда қарағансыздар? Сіздер мұндай мәселелерде жөн білетін экономист, бизнесмен емессіздер ме. Неге дабылды уақытылы қақпадыңыздар?».

Соңғы жаңалықтар