ШҰҒЫЛ: «Атыраубалық» балық өңдеушілері жалақы қарыздарын төлеуді талап етуде

АТЫРАУ. 9 қазан. ҚазАқпарат - Атырауда Қазақстандағы ескі «Атыраубалық»  балық өңдеу кәсіпорнының қызметкерлері жалақылары бойынша қарыздарды өтеуді талап етіп, митингіге шықты.
None
None

Жұрттың айтуынша, кәсіпорынның 500-ге жуық қызметкері жалақыны ағымдағы жылдың наурыз айынан бері алмай жүр. Жалпы қарыз сомасы 30 млн. теңгені құрайды.

Балық өңдеушілермен қала прокуроры Есенжан Досанов кездесті. Оларды тыңдап шыққан прокурор қысқа мерзімде жағдайды анықтап, бір айдың ішінде жалақы мәселесін шешуге уәде етті.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы облыстың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев «Атыраубалықтың» банкроттық жағдайға жақын тұрғанын, сондықтан оның базасында флоттың бөлігі мен жабдықтар берілген «Жайық Балық» мемлекеттік кәсіпорнының құрылғанын мәлімдеген болатын. Ал бюджеттен 3,5 млрд. теңге қарастырылған еді. Осыншама қаражаттың бөлінуінің қаншалықты заңды болғаны және оның қайда жұмсалғанын қазіргі кезде қаржы полициясы анықтауда.

Соңғы жаңалықтар