14:12, 11 Қазан 2012 | GMT +5
ШҰҒЫЛ: Атырауда ҚР-да тұрмайтын азаматтарға жеке куәліктер беру үшін үнемі пара алып келген
АТЫРАУ. 11 қазан. ҚазАқпарат - Атырауда сот санкциясымен облыстық ІІД көші-қон полициясы басқармасының инспекторы Жомарт Құшалиев екі айға қамауға алынды.

Бұл мерзімге сондай-ақ оның сыбайласы - «Эллис Регион» ЖШС-нің маркетологы Асылбек Сейфуллин қамалды.
«Олар алдын ала тергеу органдарымен 2009 жылдан бері осы уақытқа дейін қылмыстық топ құрып, Атырау облыстық Әділет басқармасы және Атырау облыстық Ішкі істер департаменті көші-қон полициясы басқармаларының қызметтік тұлғаларына пара бергені үшін, талай рет ҚР-ның сыртына шығып кеткен азаматтардың жеке куәліктерін ресімдегені үшін айыпталуда. Құжаттарды алушылар облыс аумағында тіркелмеген, құжаттарды алып кетуге өздері келмеген», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.
Ұсталғандарға ҚР ҚК-нің 311 және 312 баптарымен қарастырылған қылмыстарды жасауда айыптар тағылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.