ШҰҒЫЛ: Атырауда лаңкестікпен айыпталған азамат 10 жылға сотталды

  АТЫРАУ. 10 қазан. ҚазАқпарат - Атыраудағы № 2 қалалық сот ҚР ҚК-нің 233 («Лаңкестік») және 251  («Қарудың және жарылғыш заттардың заңсыз айналымы») баптарымен қарастырылған қылмыстарды жасағаны үшін Айдос Құсановты мүлкін тәркілеумен бірге 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
None
None

Облыстық прокуратурадан хабарлағандай, «2010 жылдың күзінде А.Құсанов салафиттік ағымдағы исламды насихаттай жүріп, Ақтөбеде болғанда осы қаланың тұрғыны Е.Алдабергеновпен тығыз байланыс жасады. Соңғысы наным бойынша ағайынын ауғандық-пәкістандық шекара маңында соғысқан моджахедтерге көмектесуді сұраған».

А.Құсанов оның Пәкістандағы «Қазақ исламдық жамағаты» (қазіргі «Джунд-Әл-Халифат») лаңкестік тобына 380 мың теңге жіберудегі делдал болды. Ақша ақтөбелік «Жамағат Ансару-д-дин» лаңкестік тобы арқылы берілді.

Қылмыстық істің басқа мән-жайларын прокуратурада хабарлаған жоқ.

«Джунд-Әл-Халифат» («Халифата сарбаздары») халықаралық ұйымы 2011 жылдың 25 қарашасында Атырау қалалық сотының шешімімен лаңкестік деп танылып, Қазақстан Республикасының аумағында оның қызметіне тыйым салынды.

Соңғы жаңалықтар