13:17, 08 Қазан 2012 | GMT +5
ШҰҒЫЛ: Атырауда нысандарды салу сапасы мен қарқынына орай сыналған құрылыс басқармасының бастығы орнын босатты
АТЫРАУ. 8 қазан. ҚазАқпарат - Атырауда облыстық құрылыс басқармасының бастығы болып Болат Нұрғалиев тағайындалды.

Бұл қызметте Б.Нұрғалиев жұмысын өз еркімен босатқан Нұрлан Кенжебековты ауыстырды.
Естеріңізге сала кетейік, облыстық актив қатысушыларының алдында сөз сөйлеген өңір басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетов құрылыстың және әлеуметтік нысандардың күрделі жөнделуінің сапасы төмендігін сынады. Бұл ретте тендерлерді әдеттегідей 1-2 компания жеңіп, кейін ауқымды жұмыстарды қосалқы мердігерлерге тапсырған. Осындай келеңсіздіктің салдарынан облыста 1 қыркүйекте жөндеуден өтіп үлгермеген 10 мектеп ашылмай қалды.
Облыста сондай-ақ әлеуметтік нысандарды салу және жөндеу кезінде жұмыс құнын көбейту фактілері анықталды.