ШҰҒЫЛ: Байқоңыр «Фобоспен» байланыс орнатты

АСТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат - Ресейдің бақылау стансасы Байқоңырда алғаш рет «Фобос-Грунт» ресейлік планетааралық стансасымен байланыс орнатып, ол арқылы телеметрикалық ақпарат ала алды, деп хабарлайды ресейлік БАҚ ақпараттарына сілтеме жасай отырып Би-Би-Си агенттігі.
None
None

Бейсенбіге қараған түні Австралиядағы еуропалық ғарыш агенттігі жоғалып кеткен ресейлік планетааралық аппаратымен байланысқа шықса да, мамандар «Фобос» бортынан алынған ақпарат оқылмай тұрғанын мәлімдеуде.

Ресейдің автоматтық стансасы 9 қараша күні аспанға ұшырылғанымен, қажетті орбитаға шыққан жоқ және екі аптадан бері басқарылмайтын траектория арқылы Жерді айналып ұшып жүр.

Соңғы жаңалықтар