ШҰҒЫЛ: Храпуновтар мен Рысқалиевтердің басына қара бұлт үйірілді

АСТАНА. 6 тамыз. ҚазАқпарат - Қаржы полициясы органдары қылмыстық жолмен табылған және Қазақстаннан шетелдерге шығарылған активтерді анықтау және қайтару бойынша жұмысты жүргізуде.
None
None

Бұл туралы ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Мәселен, Храпуновтардың ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты қылмыстық істі тергеу барысында Қаржы полицясы агенттігі Швейцар конфедерациясының құзыретті органдарына қылмыстық іс бойынша құқықтық көмек көрсету туралы халықаралық тапсырма жіберді.

Құқықтық көмек көрсету туралы тапсырмада көрсетілген құжаттар мен дәйектер Швейцарияның уәкілетті органдарымен сараланып, нәтижесінде Храпуновтарға қатысты Швейцария конфедерациясының аумағында қылмыстық жолмен табылған капиталды заңдастыру фактісі бойынша қылмыстық қудалау басталды.

Қазіргі кезде Швейцарияның құзыретті органдары Храпуновтар жанұясының активтеріне олардың заңдылығын анықтағанға дейін тыйым салды. Танысу және қылмыстық іс фигуранттарының іс-әрекетіне құқықтық баға беру үшін банкілік, қаржылық және өзге де құжаттары алынды.

Сонымен бірге, Швейцар конфедерациясының Федералдық прокуратурасы Рысқалиевтерге қылмыстық жолмен табылған ақшалай қаражатты заңдастыру фактісі бойынша қылмыстық тергеу жүргізуде.

Тергеу аясында Рысқалиевтер мен олардың жақын туыстарына тиесілі Швейцария банкілерінде жалпы сомасы 100 млн. еуродан асатын айтарлықтай ақшалай қаражат салынған 3 банкілік есеп-шот анықталды.

Федералдық прокуратура аталған шоттарға тыйым салды.

Қаржы полициясы агентігі өз қызметкерлерінің Швейцар конфедерациясы аумағында тергеу амалдарын жүргізуге рұқсат беру туралы халықаралық тапсырма жолдады.

Соңғы жаңалықтар