ШҰҒЫЛ: Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасында облыстық басқармалардың екі бастығы қаза тапты
Бұл туралы облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы Жанатай Сембеков хабарлады.
Полицияның хабарлауынша, ЖКО бүгін 12 сағат 15 минутта «Қарағанды-Балқаш» тас жолында Балқаш қаласынан 58 шақырым қашықтықта болды. «Фольксваген туарег» автокөлігінің жүргізушісі көлікке ие бола алмай, көлікті аударып алды. ЖКО салдарынан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 47 жасар бастығы Ерболат Қарғин мен облыстық бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы, 38 жасар Данияр Имашев қаза тапты», - деді Ж.Сембеков.
Сонымен қатар, көлікті басқарып келе жатқан облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары, 27 жасар Нұрлан Жадырахимов зардап шекті. «Жүргізуші түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», - деп қосты Ж.Сембеков.