17:07, 11 Қазан 2012 | GMT +5
ШҰҒЫЛ: Қарағандыда екі сарбазы әскери бөлімді өз еріктерімен тастап кетті - ҚР Қорғаныс министрлігі
АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Қарағандыдағы 31775-әскери бөлімінің екі сарбазы - қатардағы жауынгерлер Ринат Салықов пен Данияр Дүйсенбаевтың бөлімді өз еріктерімен тастап кетті.

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 10 қазан күні таңертеңгі сап түзеу кезінде аталған екі сарбаздың бөлімде жоқ болып шыққаны анықталды. Бөлім басшылығы жауынгерлерді іздестіру үшін жедел шаралар қабылдады.
Қазіргі уақытта қос сарбаздың Астана қаласында ұсталғаны анықталып отыр.
Жауынгерлердің әскери бөлімді өз еркімен тастап кету себептерін әскери-тергеу басқармасы, әскери прокуратура және Қарағанды гарнизонының әскери полициясы анықтауда.
Екі жауынгер де әскер қатарына 2012 жылдың сәуір айында - Ринат Салықов Алматы облысы Іле ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен, Данияр Дүйсенбаев Астана қаласы Алматы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен шақырылған.