19:50, 20 Ақпан 2013 | GMT +5
ШҰҒЫЛ: Қарағандыдағы «Бесоба» ТК-де үйлерді қабылдап алған екі шенеунік рақымшылыққа ілікті
ҚАРАҒАНДЫ. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының сотында апатты болып танылған «Бесоба» ТК-нің № 5,7 үйлерін қабылдап алған қала әкімінің бұрынғы орынбасары Сергей Гребенщиков пен Мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау басқармасының бұрынғы қызметкері Татьяна Гукқа қатысты үкім шығарылды, деп хабарлады агенттіктің тілшісі.

«С.Гребенщиков ҚР ҚК-нің 316 бабы бойынша (Селқостық) кінәлі деп танылып, 5 жылға сотталды. Сондай-ақ оның 3 жылға дейін мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салынады. Рақымшылық жөнінде актіні қолдануға байланысты ол жазадан босатылды», - деді Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданның судьясы Зухра Тілеубергенова. Үкімге сәйкес, Татьяна Гук те осындай жазаға тартылып, рақымшылыққа ілікті.
9 ай бойы қамауда болған Сергей Гребенщиков сот залында босатылды.