ШҰҒЫЛ: Қаржы полициясы департаменті басшысының міндетін атқарушыны өлтіріп кетті - СҚО

Бұл факті бойынша Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті ҚР ҚК 96 бабымен (адам өлтіру) қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Қаржы полициясының баспасөз қызметінен хабарлады.
Ішкі істер органдарымен тергеліп жатқан қылмыстық іс аясында барлық мән-жайлар қарастырылуда. Ж.Ахметовті өлтірумен оның қызметінің арасындағы байланыстың бар екендігін жоққа шығармаймыз.
Ж.Ахметов 2012 жылғы наурыз айынан қаржы полициясы органдарында қызмет атқарды.
2013 жылғы наурызда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Оның қарауына тергеу және сотқа дейінгі өндіріс мәселелері жатты.
Жандос Аликұлының артында жұбайы мен екі ұлы қалды.
"Қаржы полициясы органдарының басшылығы және жеке құрамы қаза тапқан әріптесіміздің жанұясы мен жақындарына көңіл айтады. Осыншама зұлым қылмысты жасаған тұлғалар жақын уақытта анықталып, тиісті жазаларын тартады деп үміттенеміз", делінген баспасөз хабарламасында.
.