ШҰҒЫЛ: Қатардағы сарбаз А. Тәженов жауынгерлік оқтан көз жұмды - прокурор Айдын Төребеков

Бұл туралы Алматы облысы Панфилов ауданының прокуроры Айдын Төребеков мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, бүгін сағат 4.30-да Жаркент қаласының аудандық ауруханасына кеуде тұсына оқпен жарақаттанған №18404 әскери бөлімінің қатардағы сарбазы 21 жасар Тәженов Айдос Асанұлы жеткізілді.
Панфилов ауданының прокуроры мәлім еткендей, қатардағы сарбаз абайсызда қызметтесінің қолынан, АК-74 автоматынан жарақаттанды. Оқыс оқиға Алматы облысына қарасты Көктал ауылының маңындағы оқу полигонында, оқ-дәрілерді қолданумен ату дайындығы бойынша жүргізілген оқу барысында орын алды.
Айдос Тәженов 1992 жылы 14 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келді. Жас жігіт 2012 жылдың мамыр айында әскерге шақырылған болатын. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР Қорғаныс министрлігі оқу тәжірибелері барысында оқ-дәрілердің қолданылғаны жөнінде ақпарат таратты. Толық ақпаратты мына жерден оқи аласыздар .