18:02, 03 Маусым 2013 | GMT +5
ШҰҒЫЛ: Қазақстан тарихы бойынша Интернетте жарияланған тесттер ҰБТ-2013 тапсырмаларына сәйкес келмейді - ҚР Білім және ғылым министрлігі
АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат - Сайттардың бірінде (http://www.twirpx.com/file/168922/) Қазақстан тарихы бойынша тест нұсқаларының жариялануына байланысты, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті аталған тест тапсырмаларының сайтқа 2013 жылдың сәуір айында орналастырылғанын хабарлайды.

Ол кезде ҰБТ-2013 базасы әлі қалыптасқан жоқ, ал тесттер басылып шықпаған. Сәйкесінше, олар ҰБТ-2013 тест базасының және Ұлттық тест орталығының тапсырмалары болып табылмайды.
Жүргізілген сараптама бұл тесттердің мазмұны және ресімделуі бойынша ҰБТ-2013 базасының тест тапсырмаларына сәйкес келмейтінін көрсетті.
Осы сайтта орналастырылған математика бойынша тест тапсырмаларына келер болсақ, олар сынақ тестінің нұсқалары болып табылады.