ШҰҒЫЛ: Қазақстанның бірқатар аймақтарында ауа райының нашарлауына байланысты қозғалыс жабылды - ҚР ТЖМ

Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (температураның төмендеуі) 17 желтоқсанда 21 сағат 30 минуттан бастап дизель отынымен жүретін қоғамдық автокөлік үшін барлық бағыттар бойынша қозғалыс уақытша шектелді.
Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына (температураның төмендеуіне) байланысты 17 желтоқсанда 21 сағат 30 минуттан бастап «Қарағанды-Астана» және «Қарағанды-Жезқазған» бағыттары бойынша дизель отынымен жұмыс істейтін қоғамдық және жүк автокөлігі үшін қозғалыс жабылды.
Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына (температураның төмендеуіне) байланысты 17 желтоқсанда 23 сағат 30 минуттан бастап «Қарағанды-Ақсу-Аюлы» бағыты бойынша дизель отынымен жұмыс істейтін қоғамдық және жүк автокөлігі үшін қозғалыс жабылды.
Павлодар облысында ауа райының нашарлауына (температураның төмендеуіне) байланысты 17 желтоқсанда 22 сағат 00 минуттан бастап «Павлодар-Астана» бағыты бойынша дизель отынымен жұмыс істейтін қоғамдық және жүк автокөлігі үшін қозғалыс жабылды.