13:31, 12 Қараша 2011 | GMT +5
ШҰҒЫЛ: Кейбір мәлімет бойынша бүгін Таразда гастроном жанында жарылыс болды
АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Кейбір мәлімет бойынша бүгін Таразда гастроном жанында жарылыс болды.
Әзірше ресми ақпарат көздері түсініктеме беруден бас тартуда.
Куәгерлердің хабарлауынша, жанкешті халық көп жиналатын жерде өзін өзі жарып жіберген.
Ресми емес ақпаратқа сәйкес, лаңкестен бөлек бір адам жарақат алған, ол ауыр халде ауруханада жатыр.