ШҰҒЫЛ: Көкшетауда скинхедтерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Көкшетауда сорақы оқиға орын алды. Қаланың полиция қызметкерлері нацистік көзқарастағы 3 жас жігітті ұстады, жігіттердің екеуі 9 мамырда оларды Жеңіс күнімен құттықтаған азаматты соққыға жыққан.
None
None

«9 мамырда полицияға 56 жастағы жергілікті тұрғын келіп, шағымданған. Жәбірленушінің сөзіне қарағанда, 25-30 жас аралығындағы еуропалық нәсілді екі бейтаныс адам оларды Жеңіс күнімен құттықтағаны үшін ұрып-соққан. «Сен үшін Жеңіс болса, біз үшін бұл - қайғы»,- деген жігіттердің біреуі оны соққыға жыққан», - деп хабарлады Ақмола облысы ІІД-нің баспасөз қызметі.

Жаяу полиция патрулі жәбірленуші соқтыққан сорақылармен кездескен аумақты тінтіп, шұғыл іздестіру шараларына кірісті. Сол кезде қалалық ішкі істер департаментінің кезекшілік бөліміне телефон хабарламасы келіп түсті. Орын алған оқиға жайлы Абай көшесінде тұратын тұрғындардың тәртіп сақшыларына мәлім еткендеріндей, араққа сылқия тойған екі жас жігіт фашистердің белгісін сала отырып, «Хай Гитлер» дегенді жазған. Олар куәгерлер ескертпе жасағаннан кейін іздерін суытқан.

«Оқиға орнына шыққан полиция қызметкерлері аталмыш үйде тұратын тұрғындар мен куәгерлерден скинхидтер туралы сұрап, барлық пәтерлерді қарап шықты. Тексеру амалдарының барысында жалға берілген пәтерден полиция қызметкерлері 3 жігітті анықтады. Олар 1974 жылғы Көкшетау қаласының тұрғыны, 1984 жылғы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Келлеровка ауылының тұрғыны және 1989 жылғы Солтүстік Қазақстан облысы Имантау ауылының тұрғыны болып шықты», - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Дене жарақатын алған жәбірленуші ұсталғандардың біреуін таныды.

 Қазіргі уақытта дене жарақатын салу бойынша ҚР ҚК-нің 257 бабымен (Бұзақылық) қосымша тексеру амалдары жүргізілуде. Олар салынған суреттер мен жазылған сөздер үшін жазаға тартылады.

Соңғы жаңалықтар