ШҰҒЫЛ: ҚР Мәдениет және ақпарат министрі болып Дархан Мыңбай тағайындалды

Мыңбай Дархан Қамзабекұлы 1962 жылы 26 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында туған. 1985 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген, журналист.
1985-1990 жылдары - КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Ақпараттық агенттіктің (ҚазТАГ) редакторы, аға редакторы, аға әдеби бақылаушы редакторы.
1990-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің аппаратында аға консультант, аға референт.
1994-1996 жылдары - «Өркен»-«Горизонт» республикалық газеттерінің бас редакторы.
1996-1997 жылдары - «Қазақстанның телевидениесі мен радиосы» республикалық корпорациясының вице-президенті.
1997-2002 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2002-2004 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі департаментінің бастығы.
2004-2006 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түлкібас ауданының әкімі.
2006-2008 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2008 жылғы сәуірден 2008 жылғы қарашаға дейін - Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат вице-министрі.
2008 жылғы қарашада Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.