ШҰҒЫЛ: Машинистер №31 «Алматы-Павлодар» жолаушылар пойызын апаттан құтқарды

Бұл туралы «Локомотив» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Тепловоздың машинисті Владимир Сливкин және оның көмекшісі Дмитрий Неклюдов Дегелең-Май өтпе жолының Дегелең-Ақсу-1 учаскесі бойынша сағатына 62 шақырым жылдамдықпен келе жатқан пойызды шұғыл түрде тоқтатты. Локомотив бригадасы рельстің сол жақ тармағына назар аударады. Күдік тудырған жолдың учаскесін жақыннан қарау барысында олар рельстің төменгі жағынан бөтен бір затты байқады.
Пойыз толығымен тоқтаған соң, тепловоздың машинисті көмекшісіне аялдаған жерді қарауға бұйырды, соның нәтижесінде рельстің қосылғыштары айырылып жатқандығы белгілі болды. Жолдың түйісу жерін бірігіп қарау кезінде локомотив бригадасы бұрандама қосылғыштар мен каптамалардың, рельс астындағы 4 төсеніштің жоқ екендігін анықтады. Бұл туралы тез арада пойыз кезекшісіне хабарланды. Олқылықтарды жою үшін жедел түрде жол шаруашылығының жұмысшылары шақыртылды.
Бұл учаске бойынша қозғалыс көп ұзамай қайта жанданды.
Бұл оқиға бойынша өткізілген шұғыл кеңесте «Локомотив» АҚ филиалы локомотив бригадасының әрекеттері дұрыс деп танылды. Сонымен қатар жұмыс барысында қырағылық танытқандары үшін тепловоздың машинисті Н.Сливкинді «Құрметті теміржолшы» төс белгісімен, ал машинистің көмекшісі Д. Неклюдовты «Қозғалыстың қауіпсіздігі үшін» төс белгісімен марапаттау жөнінде «Локомотив» АҚ-ның президентіне қолдаухат жіберуге шешім қабылданды.