18:16, 12 Қараша 2012 | GMT +5
ШҰҒЫЛ: Мұрат Әбенов ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметіне тағайындалды
АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Мұрат Абдуламитұлы Әбенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды.
ҚР Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мұрат Әбенов мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, орта білім, балалардың құқықтарын қорғау және жастар саясаты мәселелерін басқаратын болады.
Махметқали Нұрғалиұлы Сарыбеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты, Қазақстан Республикасы білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды.