ШҰҒЫЛ: Оралда қалалық моншаның төбесі опырылып құлады, бір адам аса ауыр халде

ОРАЛ. 30 наурыз. ҚазАқпарат - 29 наурыз күні кешқұрым Оралдағы №3 қалалық моншаның жуынатын бөлімінде төбенің бір бөлігі опырылып құлады, салдарынан үш адам жарақаттар алды.
None
None

Бетон плитадан жарақат алған ер адамдар ауруханаға жеткізілді, олардың біреуі - ауыр халде. Оған ота жасалды.

Төтенше оқиғаның куәсі болғандардың айтуынша, моншаға келушілердің дені төбенің опырылып түсу қаупін алдын ала байқап, қашып үлгерген.

Аталмыш монша қаладағы негізгі моншаның бірі болып табылады. Ғимарат 1973 жылы салынған.

Соңғы жаңалықтар