ШҰҒЫЛ: Өскеменде Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобасы - «АЗИЯ АВТО Қазақстан» автомобиль зауытының құрылысы басталды

Бірлескен кәсіпорынның алғашқы іргетасын қалау рәсіміне ҚР индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау, Ресейдің өнеркәсіп және сауда министрінің бірінші орынбасары Глеб Никитин, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, «АВТОВАЗ» президентінің м.а. Олег Лобанов, «БИПЭК АВТО» холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы Анатолий Балушкин, «АЗИЯ АВТО Қазақстан» зауытының бас директоры Ержан Мандиев және т.б. қатысты.
Құрылыстың басталуы салтанатты рәсімі шеңберінде бірқатар екіжақты келісімдерге қол қойылды.
Рәсім барысында қазақстандық тараптың атап өткеніндей, автомобиль зауыты мен машина жасау технопаркіне «Ертіс» ӘКК желісі бойынша 514 га жер бөлінді. Оның жобадағы үлесі 25% құрайды. 2017 жылы аяқтау жоспарланып отырған құрылысқа корпорация 6 млрд. теңгеге жуық қаражат құяды.
Альберт Рау салтанатқа қатысушыларды екі елдің өнеркәсіптік кооперациясының осындай айтулы оқиғасымен құттықтап, кәсіпорын 12 мың қазақстандықты жұмыспен қамтамасыз етеді деп атап өтті.
РФ вице-министрі Глеб Никитин «АВТОВАЗ» Қазақстан секілді әріптесімен мақтана алады деп тоқталып өтті.
Қос тараптың атап өтуінше, бұл - Қазақстан мен Ресейдің соңғы жылдардағы ең ірі интеграциялық жобаларының бірі және оның дәл бүгін Екатеринборда ҚР мен РФ арасындағы аймақаралық ынтымақтастықтың 10-шы форумы ашылып жатқан күні басталғаны өте маңызды.