12:07, 07 Мамыр 2012 | GMT +5
ШҰҒЫЛ: Риддер-Өскемен тас жолында тіркемесі бар «МАЗ» көлігі аударылды - жүргізуші мерт болды
ӨСКЕМЕН. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Риддер-Өскемен тас жолында «МАЗ» маркалы көліктің 33 жастағы жүргізушісі қаза тапты.

Тіркемесі бар көліктің тежегіші істемей қалған, көлік көпірдің бетонды бөлігіне соғылып, аударылып кеткен.
Жол-көлік апатының салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі көз жұмды.