ШҰҒЫЛ: Серебрянск бейорганикалық өндіріс зауытында банкроттық процедурасы басталды

ӨСКЕМЕН. 7 қараша. ҚазАқпарат - Серебрянск бейорганикалық өндіріс зауытында банкроттық процедурасы басталды. Бүгін компанияның бас директоры Леонид Нестеренко бастаған кәсіпорынның барлық жұмысшылары зауыттың банкрот деп танылғаны және өздерінің жұмыстан шығарылатыны жөнінде ескерту қағазын алды.
None
None

Дағдарыстық басқарушы қызметіне тағайындалған Сәуле Кәрібжанова жұмысқа кірісті.

Елдің шығысында орын алған бұл оқиғаны жұртшылық көптен күткен. Тығырыққа тірелген жағдай енді орнынан қозғала бастаған секілді.

Еске сала кетейік, «Серебрянск бейорганикалық өндірістер зауыты» КСРО-дағы жеке тыныс алу мүшелерін қорғау құралдарын ірі көлемде өндірушілердің бірі болды және кеңес үкіметі ыдыраған кезден бастап қайта-қайта меншік иелерін ауыстырып, өндіріс көлемін қысқартып, кезекті цехтарды жауып, қиын-қыстау кезеңді бастан өткерді. 2000 жылдардың ортасында зауытты қазақстандық бизнесмендердің бірі сатып алып, зауыт мүлігі кепілге қойылып, БТА банктен көптеген несиелер алынған. Жаңа несиелермен бұрынғы несие бойынша қарыздар өтелген және т.с.с. Бүгінгі күні БТА алдындағы қарыз 1, 8 млрд. теңгені құрайды, оған қоса пайыздар бар. Жағдайды оңтайлы шешудің ыңғайы болмады, зауыт кепілде қалып отырып, ақырындап жұмыс істей берді. Өңір үшін Серебрянка мәселелері осы жылдар бойы «бітпес жара» болды, өйткені, зауыт бұл кішігірім, бірақ, өте заманауи қала үшін қалақұраушы кәсіпорын болды. Жұмыс орнынан айырылып қалған мыңдаған адам мәселесі, жергілікті билік үздіксіз шұғыл түрде жұмыспен қамту, коммуналдық қарыздар, жаңа өндірістерді құрудың өткір мәселелерін шешумен айналысып келді. 2011 жылы қалған химиялық қорғау құралдарын шығаратын кішігірім өндірісте жұмыспен 500 адам қамтылды, кейін ол көрсеткіш 127-ге дейін жетті (бүгінгі күнге дейін).

Инвестор табуға мүліктің банкте кепілде тұруы мүмкіндік бермеді. Бір сөзбен айтқанда, не сатуға, не жабуға, не көмектесуге келмейтін жағдай орнады. Айналым қаражаттарын толықтыру үшін облыстық бюджеттен зауытқа 100 млн. теңге бөлінді, бірақ ол көмектескен жоқ. Зауытты жеке лоттар бойынша сатып жіберуге кеңес берілді, оған мамандар және жергілікті билік қарсы болды.

Енді, міне, биылғы жылы 5 қыркүйекте «СБӨЗ» ЖШС ҚР Үкіметінің қаулысымен стратегиялық нысандар тізбесіне енгізілді. Биылғы жылдың 17 қазанында мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты зауытты банкротқа ұшырады деп таныды.

Бүгін жаңа конкурстық басқарушы қолданыстағы заңнамаға сәйкес, банкроттылық рәсіміне кірісті. Банкроттылық рәсімі аяқталаған соң зауытқа бірыңғай инвестор - «Қазақстанинжинириг» келеді деген ақпарат бар.

Соңғы жаңалықтар