ШҰҒЫЛ: Шымкентте сарбаздың өз-өзіне қол салу себебі жарғыдан тыс қарым-қатынастар болуы мүмкін емес - әскери бөлімнің басшылығы

ШЫМКЕНТ. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Шымкенттің 6506 әскери бөлімінде жедел қызметтегі сарбаздың өліміне қатысты пікір білдірді.
None
None

Естеріңізге сала кетейік, жуырда киімдерді құрғату бөлімінде 20 жастағы Саид Қалелов өзінің белдігімен асылып қалған болатын. Ол әскери бөлімде небәрі бірнеше ай ғана қызмет атқарған.

6506 әскери бөлімінің командирі Шерімхан Шаңбаев журналистерге мәлім еткендей, ол жарғылық қарым-қатынастар фактілері болмағанына сенімді, сарбаздың әскери бөлімге келгеніне аз ғана уақыт өткен. Марқұмның қызметтестерінің бірі Дамир Әбжанов айтып өткендей, Саид үйленгісі келген, болашаққа деген жоспарлары көп болған. Алайда сарбаздардың сөзіне қарағанда, өз-өзіне қол салған күні Саид тым көңілсіз, жабырқаңқы күйде жүрген.

Бүгін марқұмның мүрдесі әскерге шақырылған Ақмола облысына жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар