ШҰҒЫЛ: Шымкентте жарылыс болды, зардап шеккендер бар. ВИДЕО

ШЫМКЕНТ. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Шымкентте жеке тұрғын үй секторында жарылыс болды. Құрылғы тұрғын үйдің маңында іске қосылды.
None
None

Салдарынан баспананың қожайыны мен оның немересі ауруханаға түсті.

ОҚО ІІД тіл саясаты және ақпарат басқармасының бастығы Салтанат Қаракөзованың айтуынша, жарылғыш затты белгісіз адамдар үйдің жанына лақтырып кеткен.

Зейнеткер өз үйінің қақпасынан шыға берісте құрылғыны басып кеткен. Жарылыс салдарынан өзі және немересі де жапа шекті.

Еске сала кетейік, дәл осындай оқиға сәуір айының басында Чапаев кентінде орын алды. Ол кезде базбіреулер қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны есіктің қоңырауына орнатып кеткен. Алғашқы жарылысқа кінәлі әзірге анықталған жоқ.

Соңғы жаңалықтар