ШҰҒЫЛ: Таразда 4 жарылыс болды деген мәлімет жалған - ҚР Бас прокуратурасы

ТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Таразда 4 жарылыс болды деген мәлімет жалған.
None
None

Бұл туралы бүгін журналистермен болған баспасөз мәслихатында Бас прокурордың орынбасары Нұрмұхамбет Исаев мәлім етті.

Оның айтуынша, 1977 жылы туылған жихадизм жолын ұстанушы Азамат Қариев Жамбыл облысының Тараз қаласында жеті адамның, оның ішінде құқық қорғау органдарының бес қызметкерінің өліміне әкеліп соққан бірқатар аса ауыр қылмыстар жасады. Сонымен қатар, ішкі істер органдарының үш қызметкері жарақаттанды. Қалиев қарулы шабуыл жасап, оны сыртынан бақылап отырған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің екі қызметкерін өлтіргені де анықталды.

«Таңғы 11-00-лер шамасында ол «Мазда-626» автокөлігінің иесі Закировқа қарақшылық шабуыл жасап, атыс қаруын қолданамын деп қорқытып, оны байлап, автокөлігін тартып алған. 11-35-тер шамасында А.Қариев қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, атыс қаруынан дүкеннің күзетшісі Федорченко мен дүкенге келген кездейсоқ азамат Оразбасовты жарақаттаған. Дүкеннен қылмыскер екі автомат пен «Сайга» қаруын және тағы бірқатар қаруларды алып, ВАЗ-2199 автокөлігіне мініп кеткен. Оның ізіне түскен мамандандырылған күзет бөлімінің екі қызметкері полиция сержанты Аямқұлов пен Байсейітовты өлтіріп, олардың табельдік қаруларын «Калашников» автоматы мен «Макаров» тапаншасын алған»,-деді Бас прокурордың орынбасары.

Оның сөзінше, осы әрекеттерді жасағаннан кейін, А. Қариев өзінің тұрғылықты жеріне барып, өзімен бірге РПГ-26 граната атқышын алып, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті ғимаратының қабырғалары мен терезелеріне граната атқышпен бір рет, автоматпен бірнеше рет оқ атқан. «Бұл жерде қаза болған адамдар да, қираған дүние де жоқ. Қылмыс жасаған орыннан жасырынған А.Қариев 12-45-тер шамасында атты полиция шолғыншысының екі қызметкерін жарақаттады. 13-00-дер шамасында қылмыскер жарақат алып, жол полициясының дербес батальонының қызметкеріне ұсталған. Ұсталған кезінде А.Қариев өзін-өзі жарып жіберіп, оның салдарынан оны ұстаған взвод командирі полиция капитаны Байтасов сол жерде қаза болған. Кісі өлтірушіні ұстау барысында орын алған атыста полиция сержанты Алашов та жарақат алды»,-деді Н. Исаев.

А.Қариевтің әрекеттері бойынша кісі өлтірді және лаңкестік әрекет жасады деген айыппен қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар