16:30, 12 Қараша 2011 | GMT +5
ШҰҒЫЛ: Таразда қылмыскерді құрықтау кезінде полиция қызметкерлері қаза тапты - ҚР ІІМ
АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін, 12 қарашада Тараз қаласында белгісіз азамат қаланың қару-жарақ дүкендерінің біріне шабуыл жасады. Шабуыл кезінде күзетші қаза тауып, бір адам жарақат алып, 2 «Сайга» мылтығы ұрланды. Шабуыл жасағаннан кейін қылмыскер жеңіл автокөлікке мініп, ізін суытты, деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Қылмыскерді құрықтау үшін өкшелеп қуу кезінде полиция нарядының екі қызметкеріне оқ тиіп қаза тапты.
Алдын ала мәлімет бойынша, орталық дүкендердің жанында құрықтау кезінде жараланған қылмыскер өзін өзі жарып жіберіп, нәтижесінде жол полициясының қызметкері қаза тапты.
Тергеу жүріп жатыр.