18:14, 17 Қараша 2011 | GMT +5
ШҰҒЫЛ: Тараздық лаңкестің Атырауда ұсталған туысқаны Алматыға жеткізілді
АТЫРАУ. 17 қараша. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда 12 қараша күні Тараз қаласында жеті адамды өлтірген және басқа да бірқатар қылмыстар жасаған Мақсат Қариевтің туысқанын тұтқындау операциясы өткізілді.
Атыраудың орталық аудандарындағы көп қабатты үйлердің бірінде өткен операцияға Атырау облысының арнайы қызметтері мен полициясы, сондай-ақ олардың Астанадан келген әріптестері күш салды.
Қариевтің немере ағасы деп болжанған азамат кеше ұсталған соң бірден әуежайға жеткізіліп, алғашқы рейспен Алматыға жөнелтілді, сол жақтан ол Астанаға ауыстырылады деп күтілуде.
Бұл ақпарат ресми емес дерек көздерінен және кәугерлерден белгілі болды. Облыстық прокуратура мен облыстық ІІД-де бұл ақпаратты қуаттаудан бас тартты, алайда оны жалған ақпарат та демеді. Тек лаңкестікке қатысты барлық ақпаратқа Астанадағы орталық органда түсініктеме береді, деді.