ШҰҒЫЛ: Тереңкөл ауылында топтық төбелес жас жігіттің өлімімен аяқталды

ПАВЛОДАР. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Қашыр ауданының Тереңкөл ауылында болған жастардың топтық төбелесі 23 жастағы жас жігіттің өлімімен аяқталды, деп хабарланды Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
None
None

Бірінші топтық төбелес 9 мамыр күні дүкеннің жанында орын алды. Сол күні кешке ұрыс травматикалық қаруды қолданумен одан әрі жалғасты - екі тереңкөлдік жарақат алды. Жарақаттардың қандай себептермен алынғандығын анықтау барысында зардап шеккендер жарақатты тұрмыстық жағдайда алғандығын айтып, полицияға арыз беруден бас тартты.

Келесі күні зардап шеккен жігіттің ағасы бауырын ұрған жігіттерді анықтап, өш алмақ ниетте оның үйіне 10 танысын ертіп барған. Олар бұл жерде таяқтармен шарбақты бұзып, терезелердің әйнектерін сындырған.

Шабуылдың барысында үйдің жанынан атылған қарудың дауысы естілді. 1989 жылғы жігіттердің бірі жараланды, алған жарақатынан ол ауруханада көз жұмды.

Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, төбелес болған екі жақ тараптың белсенділеріне қатысты «бұзақылық» бабы бойынша тағы екі қылмыстық іс қозғалды. Дене жарақатын салғаны үшін 1986, 1992 және 1994 жылғы жергілікті үш жігіт анықталып, ұсталды. Оларға айып тағылды.

Бұзақылық (үйдің терезесі мен шарбағына зақым келтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Қылмыстарды тексеру ІІД басшылығының ерекше назарына алынды.

Соңғы жаңалықтар