ШҰҒЫЛ: Түнде далада қалып қойған 3 жастағы қыз бала ажалдан аман қалды - ОҚО

ШЫМКЕНТ. 12 қазан. ҚазАқпарат - 3 жастағы қыз бала Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданында далада адасып кеткен.
None
None

ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, кішкентай қыз өзінің үлкен әпкесімен бірге қойды үйге әкелу үшін алқапқа шыққан. Қыздың үлкен әпкесі қойды үйге айдап әкелгенімен, сіңлісін жоғалтып алған. Кішкентай қыз бала алқапта адасып кеткен. Бастапқыда адасып кеткен қызды ата-анасы іздестірмекке әрекеттенген, алайда қас қарайғанда жергілікті полицияны көмекке шақырған.

Тәртіп сақшылары жергілікті тұрғындарды көмекке тартқан. Олар адасып кеткен кішкентай қызды таңертеңге дейін іздеген. Таңға қарай тікенектердің арасынан ұйықтап жатқан қыз табылды. Ол тонып қалған, бойын үрей басқан.

Жергілікті тұрғындар қыздың аман қалуын таңқаларлық оқиға деп отыр. Бұл аудан шиебөрілер мен қасқырларға және жыландарға толы. Қыз бала үйінен 12 шақырым жерге кетіп қалғаны белгілі болды. Ол қазіргі уақытта ауруханада жатыр, суық қараңғы түнде тұмауратып қалған.

Соңғы жаңалықтар