ШҰҒЫЛ: Түркістанда жол апатынан 3 адам ажал құшты

ШЫМКЕНТ. 2 қазан. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Түркістан қаласында орын алған екі жол-көлік апатында 3 адам көз жұмды.
None
None

ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, бірінші оқиға кеше кешқұрым орын алды. «ВАЗ-21063» көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, 26 жастағы жергілікті тұрғын басқарған «ВАЗ-21074» көлігімен соқтығысты. Осыдан кейін бірінші көлік 22 жасар Түркістан қаласының тұрғыны басқарған «Фольксваген-Туарег» көлігіне барып соқтығысты. Жол-көлік апатының салдарынан «ВАЗ-21063» көлігінің 36 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, оның жолаушылары - 26 жастағы әйел мен 1 жасар сәби қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр.

1 сағаттан кейін қала көшелерінің бірінде, «Қазпошта» мекемесінің аумағында «Фольксваген-Гольф» көлігін басқарған 29 жастағы жергілікті тұрғын рульге ие бола алмай, 42 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті, артынша көлік аударылды. Жүргізуші мен жаяу жүргінші сол жерде  жантәсілім етті.

Бұл фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 296 бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар