ШҰҒЫЛ: Жамбыл облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты

АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының Құлан ауылында кеше түнгі үш кезінде Volkswagen Touareg және Mazda-626 көліктері қақтығысып қалды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
None
None

Апаттың салдарынан Volkswagen Touareg автокөлігінің 1990 жылы туған жолаушысы мен Mazda-626 көлігінің жүргізушісі мен оның ішінде болған 4 жолаушы оқиға орнында жан тапсырды. Түрлі жарақаттармен Volkswagen Touareg көлігінің жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. Төтенше жағдайдың салдарын жоюға ҚР ТЖМ Жамбыл облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 1 техникасы мен жеке құрамның 4 адамы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар