Шумахердің 12 жылдан кейін мүгедектер арбасымен қозғала бастағаны белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM – «Формула-1» жарысының жеті дүркін чемпионы Михаэль Шумахер шаңғы апатынан 12 жыл өткен соң алғаш рет мүгедектер арбасымен қозғала бастады, деп хабарлайды The Sun басылымы.

Шумахердің 12 жылдан кейін мүгедектер арбасымен қозғала бастағаны белгілі болды
Фото: thesun.co.uk

57 жастағы спортшының жарақатынан толық айығып кетуі туралы бұған дейін ресми мәліметтер жарияланбаған.

Қазіргі уақытта дереккөздердің хабарлауынша, Шумахер Майоркадағы үйінде мүгедектер арбасын қолданып жүр. Алайда ол әйелі мен медициналық қызметкерлердің көмегімен қозғалады. 

Айта кетейік, Михаэль Шумахер апат болғаннан бері көпшілік алдына шыққан жоқ. 

Былтыр оның үйіндегі бұрынғы үш қызметкері қазіргі жағдайы туралы көп фотосуретті жариялаумен қорқытқаны үшін сотталған болатын. 

Еске салсақ, бұған дейін ажал аузында жатқан Михаэль Шумахердің бойы 14 см қысқарғанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар