Шүменов Астанадағы бокс кешін ұйымдастырудағы қаржылық қиындықтарды айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы басшыларының Астанада өткізгелі отырған WBA Директорлар кеңесі әлемдік бокс пен эстарада жұлдыздарының қатысуынсыз өтуі мүмкін. Бұл туралы тілшілерге қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

WBA Директорлар кеңесі Шүменовтың бокс кеші аясында 1-3 шілде аралығында өтпек. Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясы ВКонтакте желісінде хабарлағандай, оны ұйымдастыруда екі салмақ санаты бойынша Қазақстаннан шыққан тұңғыш әрі жалғыз әлем чемпионы көптеген кедергілерге тап болуда. Боксшы көптеген жұлдыздардың елордаға келуге уәдесін алған. Бірақ министрлік тарапынан қаржыландырудың кешіктірілуінен мәселе қиындықтарға тірелуде.  Ал бокс кешінің өтуіне аз уақыт қалып отыр.

Айта кетерлігі, 7 шілде күні Астанада кәсіпқой бокс кеші өтетіні жоспарланған. Кеш аясындағы басты жекпе-жек Бейбіт Шүменов (17-2, 11КО) пен түрік боксшысы Хизни Алтункайдың (30-1, 17КО) арасында болады. Олар WBA нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақтағы әлем чемпионы титулын сарапқа салады.

Бейбіт Шүменовтың айтуына қарағанда, бокс жұлдыздарының барлығына шақырту жолданған.

«Мәселен, Жан Паскаль, Лучиан Буте, Хуан Мануэль Маркес, Эрик Моралес, Марко Антонио Баррера, Хулио Сезар Чавес - бүгінгі дейін келетіндерін растаған боксшылар. Сонымен бірге, менің достарым Хорхе Линарес пен Дэвид Хэй да келгелі отыр. Бірақ, қаржылық тұрғыда қиындықтар пайда болды. Мәдениет және спорт министрлігі конвенцияны толығымен өздеріне алатынын айтқан еді. Бірақ соңында қаржыландыру жағынан  аздап кешуілдеп жатырмыз. Билеттердің бағасы қымбат. Барлығын да алып келу үшін 200 мың доллар керек», - дейді боксшы.

Шүменовтың сөзіне сенсек, әйгілі әнші 50 Cent аталған шараға өзі қызығушылық танытқан.

«Бірақ, кейін оның агенттері бізге шығып, тым көп соманы сұрай бастады. Әлбетте, біз бірден бас тарттық. Бірақ, менің досым Жан Паскаль 50 Cent-пен жақын араласады. 50 Cent келуін келгісі келеді-ақ, мәселе олардың агенттерінде болып отыр. Қазақстан мұндай орындаушыларға өте көп ақша төлейді, сондықтан шетелдіктер кейде жұлдыздары арқылы Америкадағыдан да зор табыс тапқысы келеді. Сол себепті агенттер қолдан кедергі жасап отыр. Қысқасы, Рой Джонстың да «жыры» осы. Мен оны досым Әлихан Жарылғапов арқылы шақырдым. Ол: «Бейбітке айт, Қазақстанға қуана-қуана барамын» депті. Одан кейін Рой Джонстың агенттері: «Оған неліктен тікелей байланысасыз? Сіздер біз арқылы байланысуыңыз керек. Қанша ақша төлеуге дайынсыз?» деп шыға келді. Сондықтан, ашығын айтайын - аталған жұлдыздардың келетініне жауап бере алмаймын», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар
Референдум