11:37, 21 Қаңтар 2009 | GMT +5
Швецияда допты хоккейден өтіп жатқан әлем біріншілігінде айдын иелері мен ресейліктер алда келеді
ОРАЛ. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Швецияда допты хоккейден өтіп жатқан әлем біріншілігінде айдын иелері мен ресейліктер алда келеді, олардың қос-қостан жеңісі бар,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін Швеция мен Ресей құрамалары өзара кездеседі. Сондай-ақ қазақстандықтар финдермен таяқ түйістіреді. Қазақстандық хоккейшілер ресейліктерден ірі есеппен ұтылып қалса, Швециямен кездесуде терезесі тең ойын өрнегін көрсетті. Бірінші таймда 3:0 есебімен алда тұрған Александр Ионкин шәкірттері ойынның екінші кезеңінде ғана өз қақпасына төрт доп жіберіп алды. Әлемдегі мықтылардың бірінен саналатын шведтер жеңіс добын 88-минутта ғана соқты.