Швецияда шииттердің ірі мешітін өртеп жіберді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Швецияда Стокгольм маңындағы Йерфеллада орналасқан шииттік ірі Имам Али мешітінде өткен түнде өрт болды. Бұл туралы SVT  телеарнасы хабарлады.

 «Ғимараттың сыртынан  әдейі өртеген»,-деп атап өтті астаналық полицияның баспасөзбен байланыс жөніндегі жауапты қызметкері Ларс Бюстр.

Тілсіз жауды ауыздықтауға бірнеше өрт сөндіру бөлімшесі тартылды. Бір қуанарлығы, оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

Мешіт өкілдерінің ақпаратына қарағанда, нысанның 30-50% зақымданған. Мұндағы кітапханада 3 мыңнан астам кітап бар. Әзірге олардың қаншасы өртенгені белгісіз болып отыр.

Жоспарға сәйкес 1 мамырда мешітте 80 бала сабақ оқуы тиіс еді. Енді бұл шараны кейінге қалдыруға тура келеді.

Болған оқиға жайлы полицияға хабар берілді.

Соңғы жаңалықтар
telegram