Швецияның бір қаласы толығымен көшірілмек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Швеция билігі фантастикалық іс-әрекет, елдің солтүстігінде орналасқан Кирун қаласының тұрғындарын құтқару бойынша аса өзекті жобаны іске асырмақ.
None
None

Қала жыл сайын жер астына батып жатыр. Кирунаның астында кен шығару шахталары орналасқан, деп хабарлайды Gizmodo.

Инженерлердің бағалауынша, егер шара қолданбаса, 2050 жылға қарай қала ғимараттарының көбі шахталарға құлайды. Сондықтан Швеция билігі 12 жыл бойы 20 мың адам тұрып жатқан Кирунаны шығысқа қарай 3 шақырым жерге көшірудің түрлі нұсқаларын қарастырып келеді.

2004 жылы қаланы көшіру бойынша үздік жобаның халықаралық байқауы өткізілді. Бұл ерекше тендерді швециялық White Arkitekter сәулет бюросының өкілдері жеңіп алды. Олардың Kiruna 4 Ever жобасы 2014 жылы басталды. Компания мамандарының божамдарына қарағанда, 20 жылдың ішінде Кирунаның барлық тұрғындары жаңа қалаға көшіріледі.

Мамырдың ортасында оның қалай жүзеге асырылатыны туралы шағын деректі фильм жарыққа шықты.

Соңғы жаңалықтар