16:06, 28 Тамыз 2017 | GMT +5
Шведова мен Дияс WTA рейтингінде бір сатыға төмендеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) өкілдерінің жаңартылған рейтингі шықты, деп хабарлайды Sports.kz.

Әлемнің бірінші ракеткасы болып чехиялық Каролина Плишкова қалды. Екінші орында - румындық Симона Халеп, үшінші - испандық Гарбинье Мугуруса тұр.
Қазақстандық Юлия Путинцева 50-інші орынын сақтап қалды. Ярослава Шведова бір сатыға төмендеп, 82-інші орынды иеленді. Қазақстандық теннисшілер арасында рейтингтің алғашқы жүздігіне тақау орналасқан Зарина Дияс та тағы бір қатар төмен түсіп, 109-ыншы орынға тұрақтады.