Швеция 13 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікті енгізуді жоспарлап отыр

АСТАНА. KAZINFORM – Швецияда билік басындағылар жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылық фактілерінің өсуіне байланысты қылмыстық жауапкершілік жасын 15-тен 13-ке түсіреді. Бұл туралы DW жазды.

Швеция 13 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікті енгізуді жоспарлап отыр
Фото: Pexels

Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссон ауыр қылмыстар үшін тағайындалатын қылмыстық жауапкершіліктің жасын 15-тен 13 жасқа дейін төмендетуді көздейді. Үкімет қазан айында тиісті заң жобасын енгізді. 

– Стокгольм билігі қылмыстық топтармен байланысты өлімге әкелетін қылмыстардың өсуіне осылай әрекет етіп жатыр. 15 жасқа толмаған адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға болмайтындықтан, тергеушілер қылмыстық желілердің атыс пен қару-жарақ сатуға қатысу үшін балаларды көбірек тартатынын анықтады, - деп жазады басылым.

Бұған дейін Швецияда қылмыс көбейген соң кәмелетке толмағандарға қатаң жаза енгізілетіні хабарланған еді. Жаңа заң жобасында 13 және 14 жастағы балаларды ұстау изоляторларында ұстау туралы жазылған.

Швеция Әділет министрлігінің хабарлауынша, мұндай мекемелер келесі жазда кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды қабылдай бастайды. Билік бұл шаралар қылмыстық топтардың астыртын ойын жүзеге асыруға тосқауыл болады деп үміттенеді. 

Соңғы жаңалықтар