Швеция денсаулық сақтау министрі баспасөз конференциясы кезінде есінен танып қалды

АСТАНА. KAZINFORM – Оқиға денсаулық сақтау министрі Элизабет Ланнның қызметіне кіріскеннен кейін бірнеше сағаттан соң өткізілген алғашқы баспасөз мәслихаты кезінде болды, деп хабарлайды The Economic Times.

Швеция денсаулық сақтау министрі баспасөз конференциясы кезінде есінен танып қалды
Фото: Швеция үкіметі

Ұлттық үкіметтегі кадрлық өзгерістерге арналған брифингіде Ланнан басқа Швеция премьер-министрі мен екі министр қатысқан.

Сейсенбіде тілшілермен әңгімелесу барысында жаңадан тағайындалған денсаулық сақтау министрі кенеттен есінен танып, құлап қалды. Аталған жағдайдан кейін Ланнды залдан қолтықтап алып шықты. Алайда ол бірнеше минуттан кейін оралды.

– Бұл қандағы қанттың төмендегенінен болуы мүмкін, - деп түсіндірді Ланн өзінің есінен танып қалуын. 

Бұған дейін цунами туралы ескерту Жаңа Зеландия парламентінің жұмысын тоқтатуға себеп болғанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар