Швеция қылмыстық жауапкершілік жасын төмендетеді
АСТАНА.KAZINFORM - Бұл туралы елдің премьер-министрі Ульф Кристерссон мәлімдеді. Бұл шара қылмыстық топтар мен бандалардың балаларды ауыр қылмысқа пайдалануына байланысты қабылданды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.
У.Кристерссон қылмыстық топтардың әлеуметтік желілер арқылы балаларды өз қатарына қосып, киллер ретінде пайдаланатын жағдайлары көбейгеннен кейін қылмыстық жауапкершілік жасын 15 жастан қысқартқанын хабарлады.
Швед деректеріне сәйкес, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында кісі өлтіруге, кісі өлтіруге көмектесуге немесе өлтіруге оқталуға күдікті 15 жасқа дейінгі балалардың саны 93 адамды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда үш есе көп.
– Қылмыстық топтар балаларды аямастан, ауыр қылмыстарға пайдаланады. Балалар мен олардың әлеуетті құрбандарын қорғау үшін үкімет мұндай ақымақтыққа қарсы қатаң шаралар қабылдап жатыр, - деді Кристерссон.
Осыған дейін Мексика билігінің қатыгез видеойындарға салық енгізуді жоспарлап отырғаны туралы жаздық.