Швецияда биыл алғаш рет азық-түлік бағасы төмендеді

СТОКГОЛЬМ. KAZINFORM — 2025 жылғы тамыз айында Швецияда азық-түлік бағасы шілде айымен салыстырғанда 0,7 пайызға төмендеді, деп жазды AZƏRTAC.

Швецияда биыл алғаш рет азық-түлік бағасы төмендеді
Фото: AZƏRTAC

AZƏRTAC хабарлағандай, бұл туралы елдің Орталық статистикалық бюросы (SCB) мәлімдеді. Дегенмен, жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік бағасы 4,7 пайызға қымбаттаған, бұл электр энергиясы бағасының өсуімен қатар инфляцияның негізгі факторларының бірі болып отыр. Әсіресе, сүт өнімдері, тәттілер, балмұздақ пен шоколад бағасы айтарлықтай артқан.

Тұтыну бағалары индексі (CPI) бойынша инфляция тамыз айында 3,2 пайызды құрады (шілде айында – 3,0 пайыз). Алайда энергия ресурстарын есептемегенде, бұл көрсеткіш 2,9 пайызға дейін төмендеген.

Швецияның Орталық банкі – Riksbank, инфляцияны CPI бойынша 2 пайыздық мақсатты деңгейде ұстауға ұмтылып отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Швеция жұмыс істейтіндер мен отбасыларға ірі салықтық жеңілдіктер енгізетінін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар