Швецияда маусым айында инфляция 2,8%-ға жетті

АСТАНА. KAZINFORM — Швецияда маусым айында инфляция өсті — жидектер мен туристік пакеттер бағасының күрт қымбаттауы байқалды, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.

швеция
Фото: pixabay.com

Швецияның Статистикалық басқармасының (SCB) мәліметінше, елдегі инфляция маусым айында KPI (Кey performance indicators) индексі бойынша 2,8% болды. Бұл көрсеткіш мамыр айындағы (2,3%) деңгейден де, Риксбанк қойған 2,0 пайыздық межеден де жоғары.

Инфляцияның негізгі себебі — туристік пакеттер мен автокөлік жалдау бағасының өсуі, бұл жағдайды экономистер маусымдық демалыс кезеңіндегі сұраныстың артуымен байланыстырады.

Азық-түлік арасында жаңа жидектер мен пияз бағасы айтарлықтай өсті — өткен аймен салыстырғанда тиісінше 16,9% және 16,7% қымбаттаған. Кофе бағасы 1% өсті, ал азық-түлік пен алкогольсіз сусындардың жалпы бағасы айтарлықтай өзгермегенімен, бір жыл ішінде 5,3% көтерілген.

Керісінше, электр энергиясының бағасы 6,3% төмендеді.

Сарапшылардың пікірі әртүрлі. Swedbank және Nordea банктері бұл деректер инфляцияның тұрақты өсуін білдірмейді деп есептейді, ал Länsförsäkringar (Швецияның жылжымайтын мүлік агенттігі) Риксбанк пайыздық мөлшерлемені төмендетуді кейінге қалдырады, өйткені баға тұрақтылығының нақты расталуын күтеді деп болжайды.

— Бұл жаңа инфляциялық толқынның бастауы деп айтуға негіз жоқ, — деді Nordea банкінің сарапшылары.

Бұған дейін Швеция бұрынғы офицерлерінің әскерге шақырылу жасын 47-ден 70-ке дейін ұлғайтатыны айтылды.

Соңғы жаңалықтар