Швецияда мектеп реформасы: дайындық сыныптары жойылып, он жылдық оқу енгізіледі

АСТАНА. KAZINFORM – Швеция парламенті он жылдық бастауыш мектепке көшу туралы шешім қабылдады. 

Швецияда мектеп реформасы: дайындық сыныптары жойылып, он жылдық оқу енгізіледі
Фото: azertag.az

AZƏRTAC агенттігінің хабарлауынша, 2026 жылдан бастап мектепке дейінгі (дайындық) сынып жойылып, оның орнына бірыңғай жалпы білім беру жүйесінің құрамындағы бірінші сынып енгізіледі.

Швецияның білім министрі Лотта Эдхольм бұл реформаның мақсаты неғұрлым тұтас әрі тең құқылы мектеп жүйесін құру екенін айтты. Оның айтуынша, қазіргі таңда дайындық сыныптарында балалардың дайындық деңгейі әртүрлі, бұл бірінші сыныптағы бастапқы теңсіздікке әсер етеді.

Реформаны оппозициядағы Социал-демократиялық партия да қолдап отыр, алайда олар ойын арқылы оқытуды сақтау мен оқытуды балалардың жас ерекшеліктеріне бейімдеудің маңыздылығын атап өтеді. Сонымен қатар, олар бастауыш сыныпта сабақ беруге педагогикалық білімі жоқ тәрбиешілерді қайта оқытуды талап етіп отыр.

2023 жылғы деректерге сәйкес, тәрбиешілердің небәрі 35 пайызы ғана оқу, жазу және санау бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен.

Сарапшылар академиялық бағытқа көшу барысында ерте жастағы білім беруде маңызды педагогикалық құрал болатын ойын тәсілінің жоғалып кету қаупі бар екенін ескертіп отыр. 

Айта кетелік Қазақстан мектептеріне оқушыларды кәсіптік бағдарлауға арналған жаңа цифрлық құрал енгізілмекші

Соңғы жаңалықтар