Швецияда салмағы 672 тонна болатын шіркеу жаңа орынға көшіріледі

АСТАНА. KAZINFORM – Швецияның Кируна қаласында 1912 жылы салынған шіркеу ғимараты толықтай басқа жерге көшіріледі. Салмағы 672 тонна болатын нысан алып дөңгелекті платформаға қойылып, бес шақырым жол жүріп өтеді, деп хабарлайды ВВС.

п
Фото: Kiruna kommun

Мамандардың айтуынша, көшіру жұмыстары екі күнге созылады, себебі процессия ең көбі сағатына 500 метр жылдамдықпен қозғалады.

113 жылдық тарихы бар шіркеуді көшіру қажеттілігі бір ғасырдан астам уақыт бойы жүргізіліп келе жатқан темір рудасын өндіру салдарынан жердің отыру қаупі туындағандықтан пайда болды.

Ғимараттың биіктігі – 35 метр, ені – 40 метр. Салмағы 672 тонна шіркеу 1950 жылға дейінгі кезеңде салынған Швециядағы ең әдемі ғимарат деп танылған.

Салынып бері ол Швецияның қиыр солтүстігінің символына әрі басты көрікті орнына айналған. Кируна қаласы Поляр шеңберінен 145 шақырым солтүстікте орналасқан.

Айта кетейік, Нотр-Дам шіркеуіне кіру ақылы болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар